Мәскеу орталық мешітінің құрылыс кешеніне 170$ млн қаражат жұмсалды. Орталық мешіттің ресми ашылу салтанаты 23 қыркүйек күні өтеді.
Бұл туралы Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасының бірінші орынбасары Рушан Аббаясов мәлім етті.
Еске сала кетсек, Мәскеу орталық мешіті ғимаратында жүргізілген қайта өңдеу жұмыстарынан соң мешіт сыйымдылығы 20 есеге ұлғайды. Мешіт Еуропа кеңістігіндегі ең үлкен ғибадатхана болады деп күтілуде.


02 Апрель 2026
14 Шавваль 1447

