Радио және теледидар Ислам одағы бас хатшысы 8-ші Бас ассамблея аясында «Хала медия» премиясы тағайындалғанын жариялады.
Ходжатолеслам Али Каримиан Ислам одағының баспасөз конференциясында бұл марапат ислам қағидаларына сай шынайы әрі пайдалы болған аудио-бейне материалдарға берілетінін мәлім етті.
Жобаның басты мақсаты әлемдік БАҚ саласында дін туралы дұрыс пікір қалыптастырып, Исламға жағылған күйені шындықтан ажырату болып отыр.
«Халал медия» марапаты сондай-ақ «таза өнім» және «таза буын» тақырыптарына сәйкес келген өнімдерге де беріледі.


02 Апрель 2026
14 Шавваль 1447

