Бүгін Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде теріс ағыммен күресу, оңалту жұмыстары бойынша жиналыс жасалды. Шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имам Бейбіт Мырзагелдиев бастаған теріс ағыммен жұмыс бағытына жауапты имамдар қатысты.
Бас имам жаңа жүктемелер тапсырып, атқарылып жатқан жоспарлы жұмыстар бойынша бірнеше мәселелерге тоқталып өтті. Шарада Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев пен облыс бойынша Теріс ағыммен жұмыс бағытының жетекшісі Асқар Зәкіржанұлы да сөз сөйлеп, түйіткілді істерді тілге тиек етіп өтті.
Имамдар жұмыс барысын пысықтап, нақты мақсат пен міндеттер алды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі