Ібліс қалай дүниежүзілік топан судан құтылып, бірақ Тозақтан құтылу мүмкіндігін қолдана алмады?

Ібліс қалай дүниежүзілік топан судан құтылып, бірақ Тозақтан құтылу мүмкіндігін қолдана алмады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Риуаяттарда былай келтірілген: «Нұх пайғамбар (ғ.с.) жан-жануарларды кемеге мінгізген кезінде есектің кемеге мінгісі келмей, көп әуреге салған екен. Әбден шаршаған пайғамбар (ғ.с.) есекке: «Кір, қане, малғұн!» - деп ақырып қалады. Сол сәтте есек лезде кемеге мініп алады. Есектің қыңырлануының себебі – Ібліс оны кемеге кіргізбей құйрығынан ұстап тұрған болатын, ал «малғұн» сөзін ести сала есектің соңынан ілесіп кемеге кіріп алады.

Тіршілік атаулыны жұбымен мінгізіп болған соң Нұх (ғ.с.) кемені қарай бастағанда бір бұрышта тұрған Іблісті байқап қалады да: «Мұнда қалай кірдің? Кет бұл жерден!» - дейді. Алайда Алла Тағала Ібілістің кемеде қалуын бұйырады, өйткені оған Қиямет күніне дейін өмір сүру рұқсат етілген, ал содан кейін оның барар жері – Тозақ болмақ. Ібіліс болса пайғамбарға (ғ.с.): «Кемеге сенің шақыруыңмен кірдім. Есекті кіргізіп жатып: «Кір, малғұн!» - деген өзің емес пе едің?! Мен – малғұнмын, ал есек – малғұн емес», - деп тіл қатады». Сондай-ақ, риуаятта былай да келтіріледі: Алланың қалауымен, Нұх пайғамбар (ғ.с.) табыт жасап, оның ішіне Адам Ата (ғ.с.) денесін салып, әлгі табытты кеменің жоғары қабатының ортасына қояды. Ақиқатында, Алла Елшісінің (ﷺ) хадистеріне сай пайғамбарлардың (ғ.с.) денелері шірімейді: «Шүбәсіз, Алла жерге пайғамбарлардың денелерін шірітуге тыйым салған» (Ибн Маджа, «Сунан» т.1, 345, 524 б.). Табыттың бір жағында еркектер, ал табыттың екінші жағында әйелдер болған. Ібіліс болса оларды азғырумен болған.

Нұх (ғ.с.) Іблістен: «Неге сен діннен безіп, адамдарды хақ жолдан тайдырасың?» - деп сұрайды. Ал Ібліс болса: «Алла алдында діннен безуімді қоятын бір себеп тапшы!» - дейді. Нұх (ғ.с.): «Тәубеңе кел», - деп жауап береді. Ібліс: «Алла Тағала менің тәубемді қабыл алар деймісің?» - деп сұрайды. Сол кезде Нұх (ғ.с.) Алладан Іблістің тәубесін қабыл алуын сұрайды. Алла Тағала Ібліске: «Ол бұрын-соңды істемегенді істесін - Менің бұйрығымды орындасын. Егер ол табытта жатқан Адамға (ғ.с.) сәжде етсе, сонда Мен оның тәубесін қабыл етемін», - деп тіл қатады.

Алайда Ібліс: «Оның көзі тірісінде оған сәжде қылмап едім, енді оның өлі денесіне сәжде қылмаймын!» - деп Алланың бұйрығын орындаудан бас тартады. Осыдан кейін Нұх (ғ.с.) Іблістің алдынан тәубе есіктерінің мәңгілікке жабылғанын түсінеді. Мұса (ғ.с.) заманында тағы да бір рет Ібліс Алланың кешіріміне қол жеткізуге үміттеніп көреді, алайда нәтижесі сондай болып қала береді. Ібліс Мұса (ғ.с.): «Сен – Алла Тағаланың Елшісісің әрі сенің Алла алдындағы орнын жоғары. Сол себепті мен сен арқылы тәубеме келмекпін. Алладан мені кешіруін сұрашы», -  дейді.

Мұны естіген Мұса (ғ.с.) қуанып, Алла Тағалаға былай жалбарынады: «Уа, менің Жаратушым! Сөзсіз, Ібліс – Сенің жаратқандарыңның бірі, ол тәубесіне келгісі келеді. Оның тәубесін қабыл етші». Мұсаның (ғ.с.) дұғасына Алла Тағала: Егер ол Адамның (ғ.с.) қабіріне сәжде етсе, Мен оның тәубесін қабыл етемін», - деп тіл қатады. Ібліс болса: «Оның тірі кезінде сәжде қылмап едім, табытта жатқан өлі денесіне де сәжде қылмап едім, енді, сөзсіз, оның қабіріне де сәжде етпеймін!» - деп жауап берген екен».

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: