«ХАСЕКИ» ИНСТИТУТЫНА ҚАБЫЛДАНҒАН ШӘКІРТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ (ФОТО)

«ХАСЕКИ» ИНСТИТУТЫНА ҚАБЫЛДАНҒАН ШӘКІРТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия дін істері басқармасы арасындағы келісімге сәйкес елордада 2023-2024 оқу жылына «Хасеки» институтына қабылдау емтиханы өткен болатын. Емтихан нәтижесі бойынша 65 үміткер арасынан 23 шәкірт Түркияның «Хасеки» институтына оқуға қабылданды.

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғимаратында наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы оқуға қабылданған шәкірттермен кездесіп, білім жолындағы үлкен қадамдарына сәттілік тіледі. Кездесуде наиб мүфти ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының ізгі ниетін жеткізе келе, Бас мүфтидің Бағдарлық баяндамасында көтерілген сапалы діни мамандарды даярлау мәселесін сөз етіп, шәкірттерді сапалы білім алуға шақырды. Сонымен қатар еліміз бен жеріміздің игілігі үшін аянбай қызмет етуге үндеді. Наиб мүфти білім жолына шыққан 23 шәкіртке дұға жасап, ізгі тілегін білдірді.

Айта кетсек, 2013 жылдан бері «Хасеки» институтын 102 шәкірт тәмамдаған болатын.

 

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: