ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЖЫЛАР ТОЛЫҚ ОТАНЫМЫЗҒА ОРАЛДЫ (ФОТО)

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЖЫЛАР ТОЛЫҚ ОТАНЫМЫЗҒА ОРАЛДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан қажылары толық Отанымызға оралды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділдә Бекжігітов хабарлады.

"Қажыларымыздың соңғы бөлігі, яғни 168 азаматымыз елімізге жетті. Ұшақтар алдын ала белгіленген уақытқа сәйкес ұшты. Тікелей рейстерге қатысты кешігу немесе басқа уақытқа ауыстыру сынды жағдайлар орын алмады" деп атап өтті Ж.Бекжігітов.

Айта кетсек, биыл елімізден келген 4 мың жерлесіміз қажылық парызын өтеді. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Қажылық миссиясы Мекке қаласында ашылған жұмыс кеңсесінде бес бағыт, яғни уағыз-насихат, алғашқы медициналық көмек, ұйымдастыру-үйлестіру, пәтуа беру, ақпарат тарату бойынша жұмыс істеді.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: