Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімімен 2022-2023 оқу жылында орта білім беру ұйымдарында терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу бағыты бойынша діни бірлестіктер мен байланыстар жөніндегі кеңес отырысы өтті.
ҚМДБ тарапынан діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің бас имамы Аманбаев Ержан Маханұлы баяндама оқыған болатын. Баяндамада мешіттердегі діни оңалту жұмыстары қалай жүргізілетіні және оңалту барысында нені ескеру керектігіне арнайы тоқталып өзекті мәселелерді атап өтті.