QURBAN2023.KZ САЙТЫ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕДІ?

QURBAN2023.KZ САЙТЫ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕДІ?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Осымен көптен күткен Құрбан айт мерекесі де өте шықты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен құрбан шалуды қашықтан жүзеге асыру бойынша www.qurban2023.kz сайты міндетін толық орындады.

QURBAN-2023 қайырымдылық акциясы аясында айт мерекесінде еліміз бойынша 2253 қызметкерден құралған бірнеше штаб жұмыс істесе, соның 74-і (техникалық маман) сайт арқылы тапсырыс және өтініш қабылдауға жауапты болды. Сайт мамандарының мәліметіне сүйенсек, Құрбан айт күндері Qurban2023.kz сайтына 1 842 тапсырыс берілсе, 2 181 мұқтаж отбасыдан ет алу жөнінде өтініш келіп түскен. Сондай-ақ айт күндері сайтты қолданушылар саны 120 мыңнан асты.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: