Жамбыл облысы, Талас ауданы, "Қаратау Қажы би" мешітінің бас имамы Жалғас Дүйсенбайұлының мұрындық болуымен айт күні Талас ауданы әкімшілігі іріқара құрбандыққа шалынды. Аталған шара барысында бас имам құран оқып, марқұмдарға бағыштады.
Шарада ұлық мерекенің қадір-қасиетін сездіру мақсатында балаларға мерекелік көңіл сыйлап, балмұздақ таратты. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасыларға ет таратылып қуаныш сыйлаған осы айтулы мерекеде еліміздің болашағы балаларды назардан тыс қалдырмай елеп, ескерген барша атсалысқан бауырларға алғыс айтамыз!