#Байзақ: АУДАН ХАЛҚЫ ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫН ОҚЫДЫ

#Байзақ: АУДАН ХАЛҚЫ ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫН ОҚЫДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде құрбан айт намазы оқылды. Айт намазына жиналған аудан халқына Мухит Ермаханұлы «Құрбандық шалудың тәртібі» жайында насихат айтты.

 Насихат барысында Мухит Ермаханұлы: «Жаратқан Алла Тағала қасиетті Құранда: «Шынында, Біз саған кәусәрді бердік. Сондықтан Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал. Ақиқатында, сені кемсітушілердің өздері ұрпақсыз қалады», – деп айтқан. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Алла Тағала алдындағы ен қайырлы күндер ол – құрбан айт күні мен зулхижжа айының 11-ші жұлдызы», – деген. Баршаңызды ұлық мейрам – Құрбан айттың келуімен шын жүректен құттықтаймыз! Айт қабыл болсын! 

Құрбан айт – шынайы ниет пен Аллаға деген сүйіспеншілікті паш ететін мейрам. Ұлық мерекенің тәрбиелік мәні мен мағынасы осында жатыр. Қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың (шалынған құрбандықтың) еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалықтарың (шынайы ниеттерің). Аятта айтылғандай, Құдай жолында жақсылық жасауға ниеттенген пенде бұл істі риясыз оймен орындайды», - деді.

Насихат соныңда Мухит Ермаханұлы айт намазының оқылу тәртібін айтып, жамағатпен бірге намаз оқыды және елдің амандығы үшін дұға жасады

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: