Жамбыл ауданында қасиетті Құрбан айт мерекесінде бір отбасы баспаналы болды. Құрбан айттың алғашқы күнінде беріліп отырған үйге ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы, аудан әкімінің орынбасары мен Аса ауылының әкімі арнайы барып құттықтап, кілтін табыс етті.
«Асарлатып – үй салу» жобасы аясында жүзеге асыр отырған игі іс-шарада баспаналы болған отбасы өз алғыстарын жаудырып, айттық дастарханнан дәм татуды сұрады.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі