Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Сондықтан да əрбір жан иесі қайырымдылық істеріне араласып, Жаратушының разылығын аңсаған халде бар ықыласымен мұқтаж жандарға қол ұшын беруі дұрыстың дұрысы.
Игі жандардың ұйытқы болуымен ауылдық мешітке сыйлық жасалды. Ауылдың үлкен әулеттің отбасылары мешіт асханасына үлкен мұздатқышты табыс етті.
Имам алғысын жаудырып батасын беріп, дүниеден өткен аруақтарға құран бағыштап көпшілікке кең дастарқан жайылды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі