Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде былай деген: «Балаларыңды көп сүйіңдер. Себебі, сүйген сайын жаннатта бір дәреже беріледі. Әрбір дәреженің ара қашықтығы бес жүз жыл. Періштелер әр сүйгендеріңді санап, жазып отырады».
Бала - өмірдің жалғасы, елдің болашағы. Әрбір баланың тәтті қылығы, тыныш ұйқысы, алаңсыз күлкісі маңызды. "Балаларды қорғау күні" мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.
Мерекеге орай, Тараз қалалық "Әл-Фердаус" мешітінің имамы Алмас Кенжемолдаевтың ұйымдастырумен жетімдер үйіне зиярат жасалды. Асыраушыларға азық-түлік пен балаларға сыйлықтар сыйға тартылды.