Бір кісі қатты ашығып келе жатып, құм төбешікке кезігіпті. Сол сәт төбеге қарап тұрып өз-өзіне «Шіркін, осы төбе үйіліп жатқан жейтін нәрсе болғанда ғой, бәрін мұң мұқтаждарға таратып шығар едім», - депті.
Осы кезде Алла Тағала сол кездің пайғамбарына (ғ.с.): «Әлгі пендеме бар да былай де: «Алла Тағала сенің садақаңды қабыл алды. Ізгі ниетіңе разылық танытуда. Сол істі жасамасаң да жасағандай сауап жазды», - деп уахи етті.