"Төле би" мешітінде имам Талғат Кәрібайұлының ұйымдастыруымен келелі бас қосу өтті. Жиынға 5 жыл бұрын мешіт жанынан құрылған қайырымдылық қоры себеп болды.
Қордың жұмысын жандандыру, бірлесіп жұмыс атқару, жаңа қадамдар жасау мақсатында мешіт асханасында ас беріліп, қор мүшелері бас қосты.
Имам "Қайырымдылық қылсаң, қайырын өзің көресің" тақырыбында уағыз-насихат айтты. Игілікті ниет еткендер "Біз жылағанның көз-жасын сүртуші, жаурағанға киім беріп жылытушы, мұңайғанды күлдіртуші болайық" - деп жалынды сөздер айтты.
Қор жетекшілері сөз сөйлеп, қайырымдылық шараларын, қор жұмысын жандандыру жолдарын пысықтады.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі