Торығудан шығудың ең тиімді емі

Торығудан шығудың ең тиімді емі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әнас ибн Мәлик (р.а.) біздің сүйікті Пайғамбарымыздың (ﷺ) келесідей әдеті болғанын жеткізген: әрбір парыз намаздарынан соң оң қолын маңдайына, ал кейбір рияуаяттарда «оң қолын басына» қойып келесі дұғаны айтатын:

بِسْمِ اللهِ الذِيْ لا إلٰهَ إِلا هُوَ الرحْمٰنُ الرحِيم ، اللهُم أَذْهِبْ عَني الْهَم وَالحُزْن

Бисмилляһи лләзи лә иләһа иллә Хууа Рахману р-Рахим. Аллахумма азхиб әнни л-хамма ууәл-хузн.

Аудармасы: Одан басқа Жаратушы жоқ, Мейірімді, Қайырымды Алланың атымен. Иә, Алла, жабырқау мен уайымды менен аулақ ете гөр.

Бұл риуаят сенімді әрі келесі ғалымдар оны хадис түрінде келтірілген:

Имам Ибн Сунни (р.г.), 101 б. (112 хадис), Ат-Табарани (р.г.) (Әл-Муджамул-Аусат, хадис 2520 және Китабу-дуа, 210 б, 659 хадис; Маджма уз-Зауаид, 10 т, 110 б) Хатыб әл-Бағдад (р.г.) (Тарих Бағдад, 12 т. 480-481б), Әбу Нуайм (р.г.) (Әл-Хилья,  2 т, 341-342 б, 2493 хадис) және Ибн Адий (Әл-Камил, 7 т, 199 б).

Торығудан шығудың тағы бір жақсы амалы келесі дұғаны көп рет қайталауда  болып табылады.

لَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بِالله

Лә хәулә уә лә кууәтә иллә биЛЛәһ

«Бұл тоқсан тоғыз ауруға шипа; олардың ең жеңілі жабырқау мен абыржу».

(Хаким, Таргыб, 2/444).

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: