Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің жамағаты мен шәкірттері Қасиетті айдың қарсаңында «Рамазан құтты болсын» атты іс-шара өткізді. Бұл іс-шарада әйел-қыздар жамағаты арнайы бас қосып ауыз ашып, мешіт ұстазы Айгерім Шынали «Ораза – ихсан көрінісі» тақырыбында уағыз айтты.
Сонымен қатар, викторинарлық сұрақ жауап ұйымдастырылып, дұрыс әрі нақты жауап бергендерге әдемі сыйлықтар табыс етілді. Және де Рамазан айының құрметіне ауызашарға келушілер бір-біріне діни кітаптар, жайнамаздар, ыдыс-аяқтар және алқа сияқты бағалы сыйлықтар сыйлап, бауырмалдықтарын жеткізді.
Айгерім Шынали
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі