ТҮРКИЯ: «ТАЛАБА» МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

ТҮРКИЯ: «ТАЛАБА» МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркия Республикасындағы өкілдігі «Зекет және қайырымдылық» қорының қолдауымен Анкара қаласында өңірлердегі «Талаба» қауымдастығының мүшелеріне арнайы семинар ұйымдастырды. 

Шара Анкара Әлеуметтік ғылымдар университетінің Ислами ғылымдар факультетінде өтті. Семинарда профессор, доктор Мехмет Халил Чичек «Мәуреннахырдың Ислам әлеміндегі орны» жайлы дәріс оқыды.

Түркия Дін Істері Басқармасы Ғұламалар кеңесінің мүшесі доктор Фатих Мехмет Айдын «Пәтуа беру жүйесі» жайлы сөз қозғады. Сондай-ақ факультеттің аға оқытушысы доктор Озат Шәмшиев «Ислам Эконмикасы және Исламдық банк жүйесі» тақырыбында дәріс оқыды.

Бұдан кейін Діни басқарманың Түркия Республикасындағы өкілі, «Талаба» қауымдастығының жетекшісі Жандос Айтбай Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, қатысушыларға алғысын білдірді. Сонымен қатар Түркияда болған зілзала апаты кезінде танытқан белсенділігі үшін «Талаба» қауымдастығының мүшелеріне «Зекет және қайырымдылық» қоры басшылығы атынан алғыс хат табысталды.

Шара соңында қатысушыларға ауызашар дастарқаны жайылып, өз кезегінде қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

 

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: