#Жамбыл: Аудандық билер кеңесінің жиналысы өтті

#Жамбыл: Аудандық билер кеңесінің жиналысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл ауданы Аса ауылы  «Жастар орталығында» аудандық билер кеңесінің жиналысы өтті. Аталмыш жиынға ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы да арнайы қатысқан болатын.

Келелі кездесуде талқыланған басты тақырып, жастар тәрбиесі мен олардың қоғамда алар орны жайында болды. Сонымен бірге, ас беру мәдениеті де тілге тиек етіліп, ауданның бас имамы «Ас беру мәдениеті» құжатын таныстырып, насихат жұмыстарын жүргізді.

Құжаттағы ережелер Қазақстан Республикасы бойынша барлық мұсылман қауым үшін әзірленді. Бұл құжаттың мақсаты мұсылман қауымының өзіндік құдайы ас беру мәдениетін қалыптастырып, оған қатысты жоралғыларды, қалыптасқан дәстүрді жүйелендіру болып табылады.  

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: