Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Кеңес ауылдық «Кеңес» мешітінің жамағатына «Адалдықтың маңыздылығы» тақырыбында насихат айтты.
Қанат Әділханұлы: «Шәкәрім қажы «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен адалдық ар үшін жи», - десе, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты сәлемі болсын) хадисінде «Алты нәрсені орындауға кепілдік берсеңдер, мен де сендерге жәннатқа кіруге кепілдік берейін: "Сөйлегенде шындықты айтыңдар! Уәделеріңде тұрыңдар! Аманатқа қиянат етпеңдер! Ұятты жерлеріңді сырт көзден сақтаңдар! Көздеріңді харамға жұмыңдар (харамға қарамаңдар)! Қолдарыңды харамнан аулақ ұстаңдар», - деді. Насихат соныңда елдің амандығы үшін халықпен бірге дұға жасады.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі