Ораза ұстаудағы жалпы қателіктер (жалғасы бар)

Ораза ұстаудағы жалпы қателіктер (жалғасы бар)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сәресіге ұйықтап қалып, ораза ұстамау

Кейбір адамдар сәресіге ұйықтап қалса, ораза ұстауға қорқады. Алайда, бұл қорқақтық және оңай өмірге деген бейімділік болып табылады. Егер сіз тіпті біраз тамақты артық жемей қалсаңыз, онда тұрған не бар? Сіз одан өліп қалмайсыз, сіздің санаңыз, сіздің тәніңізден басым болсын. Есіңізде ұстаңыз, Аллаға деген үміт пен сенім бәрін де жеңіп шығады.

Азан шақырылған соң, ақшам намазының уақыты шыққанша ішіп-жеуді жалғастыру

Кейбір адамдар ауыздарын ашқанда тарелкелеріне мол тамақ салып алып, ішіп-жеулерін жалғастыра береді, жалғастыра береді, солай ақшам намазының уақыты да шығып кетеді. Анығында, бұл дұрыс емес. Пайғамбарымыздың (ﷺ) Сүннеті ауызды ашқанда су ішіп, бірнеше құрма жеп бірден ақшам намазын оқу болып табылады. Құлшылық жасап болған соң, келіп қалауыңызша қанша жеймін десеңіз сонша жеңіз. Өзіңіз тексеріп көріңізші, сіздің жеген бірнеше құрмаңыз құлшылық жасап жатқанда денеңізге күш береді, сондықтан да қайта келгенде, сіз аштықты сондай сезбейтін боласыз. СубханАлла, бұл Сүннет.   

Дұға қабылдануының алтын мүмкіндігін жіберіп алу

Ораза ұстап жүрген адамның дұғасы аузын ашқан кезде қабылданатыны белгілі. 

Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Үш адамның дұғасы кері қайтарылмайды: балалары үшін жасағанәкенің дұғасы, ораза ұстаған адамның дұғасы  (ол аузын ашқан кезде) және жолаушының дұғасы» (Бұхари).

Осы қымбат уақытта отырып дұға қылудың орнына, көптеген адамдар өз мүмкіндіктерін жіберіп алады, ас дайындаумен, бос әңгіме құрумен, тамақ ішумен, тарелкелері мен тостағандарын толтырулармен айналысады... Күнәлардың кешірілуі мен құлшылықтардың орындалуынан тамақ маңызды болғаны ма? Ауыз ашардан бұрын 5 минут өз қажеттіліктеріңізді айтып шын жүректен Аллаға бет бұрыңыз, әрине, өзге де мұсылмандардың қажеттіліктері туралы ұмытпаңыз.

Ораза ұстап, бірақ намаз оқымау

Көптеген адамдар ораза ұстайды, бірақ бес уақыт парыз намазды, әсіресе сәресіден кейінгі таң намазын  оқымайды. Мұндай жалқаулықты қою керек. Бес уақыт намазды оқу, ораза ұстау сияқты парыз. Егер сіз намаз оқудан әдейі қашатын болсаңыз, онда сіздің оразаңыздың қабыл болу мүмкіндігі қандай?

Құранға деген немқұрайлылық

Осы Рамазандасіздің Құраныңыздың сөреде шаң басып тұрмағанына көз жеткізіңіз. Біз келесі деңгейге көтерілуіміз керек. Арабша дұрыс оқи алмасаңыз, онда оқуыңызды жақсартыңыз. Егер арабша білмесеңіз, онда Құранның аудармалары мен тәпсірін оқыңыз. Күнделікті тіпті екі аяттан оқып бастаңыз — сіздің иманыңыз көтерілген сайын, одан да көп аяттарды оқи алатын боласыз. Сіздерге жиырма қысқа сүрені алып, соларды жаттауға: оқуға, қайталауға, аудармасын оқуға, олар жөнінде ғалымдардың айтқандарын оқуға кеңес берер едік.

Жұмыс не емтихан салдарынан оразаны жіберіп алу

Емтихан мен жұмыс адамға оразаны жіберіп алуға мүмкіндік бермейді. Егер сіз өзіңіздің діни міндеттеріңізді орындасаңыз, Алла еңбегіңізді жеңілдетіп, жасап жатқан ісіңізге көмек береді.

«…  Оған, Алла, ойламаған жерден ризық береді. Ал кім Аллаға тәуекел қылса, сонда Ол, оған жетіп асады. Сөзсіз Алла Өз бұйрығын атқарады. Расында Алла, әр нәрсеге бір өлшеу қойған» (65:3).

Әлеуметтік желілерде отырып алу

Бәріміз де азды-көпті болсын уақытымызды Twitter, Facebook, Instagram немесе WhatsApp сияқты әлеуметтік желілерде өткіземіз. Бұл өтірік емес, бірақ Рамазан айында әлеуметтік желіде отыруды мүлде тоқтатпасаңыз да, өткізетін уақыттарыңызды қысқартуға тырысыңыздар.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: