Шу ауданы Далақайнар ауылында көктем келіп, егіннің егілетін уақытында Алладан жәрдем сұралып, тасаттық берілді.
"Далақайнар" мешітінің имамы ұйытқы болып, ауыл тұрғындарының қатысуымен 8 бас қой сойылып, еті 31 әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға таратылды.
Ал кешке екі күн қатарынан мешітте ауызашар беріліп, ораза ұстаған көпшілік Алла үйіне жиналып, бірге дұға жасады.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі



11 Июнь 2026
25 Зуль-хиджа 1447

