"Кеңесхан қажы" мешітінде ұстаз Зейнеп Үсенованың ұйытқы болуымен әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілді.
Апта сайынғы дәстүрлі амал бойынша шәкірттердің қолдауымен мұқтаж отбасыларға азық-түлік табысталды. Мешіт қызметкерлері алғысын жаудырған жанұяларға береке, сабыр, Алланың жәрдемін тіледі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



20 Март 2026
1 Шавваль 1447

