Тараз шаһарының мешіттерінде алғашқы Рамазан айының ауызашары берілді. Баршамызға мәлім Рамазан айының келуімен ауызашар беру көбейе түседі. Ауызашар берудің сыры, адамдардың бір-біріне деген бауырмалдық, жомарттық сезімдері арта түседі.
Ауызашар берудің сауабы өте мол. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді», деген.
«Әулие ата» мешіті және қаламыздың көптеген мешіттерінде 200-250 адамға ауызашар берілуде. Пайғамбарымыздың хадисинді келгендей қара сумен болса да ауыз аштыруға ат салысып жүрген бауырларымыздың амалдары қабыл болсын.
"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі



19 Январь 2026
30 Раджаб 1447

