#Шу: Наурыз тойында Құран сайысы өтті

#Шу: Наурыз тойында Құран сайысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы Жиенбет ауылында тұрғындар көпшілік болып әз-Наурыз мерекесін атап өтті. Мешіт имамы  Шүкірәлі Бердібековтың ұйытқы болуымен мереке құрметіне мешіт шәкірттері арасында Құран сайысы жасалды. 

Алланың кәләмін оқуды насихаттау, қызықтыру мақсатында жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табысталды. Жастардың талпынысы мен ықыласына деген құрмет ретінде жалпы жүлде қоры 70 мың теңгені құрады. 

Діні мен дәстүрі сабақтасқан көктемнің жайма-шуақ күні қызықты, қуанышқа толы болды. Көпшілік ақ дастрхан басында дәмнен ауыз тиіп, наурыз көже ішті. Спорттық ойындарда күш сынасып, ұлыс күні ауыл бойына дүбірлі тоймен жалғасты.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: