Меркі ауданы, Екпінді ауылы «Рахымбай ата» мешітінің имамы Серікхан Токушбеков намазға жиналған жамағатқа «Бала тәрбиесі – тал бесіктен басталады» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Уағыз барысында балаларға мейірімділік танытып, бала тәрбиесіндегі мейірімділікті көрсетті. Ата-бабамыздың жолымен «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсетіп, бала-шағамызға әрдайым тура жолды насихаттап, жөн сілтеп отыру керектігін атап өтті.
Уағыз соңында жамағат сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


19 Январь 2026
30 Раджаб 1447

