Кезекті жұма намазынан кейін Тараз қаласы «Молда Мұхамеджан» мешітінде палау пісіріліп, жамағатқа таратылды.
Алла Тағала «Әли-Ғимран» сүресінде: «Жақсы көрген нәрселеріңді, (мысалы дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл, білім, т.б.) Алла жолында жұмсамайынша, шынайы түрде жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар», – дейді. Сондықтан ат салысып осы шараны ұйымдастыруды алдында жүрген бауырларымызға Алла Тағала разы болсын және кәсіптеріне береке берсін дейміз.
"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі



25 Май 2026
8 Зуль-хиджа 1447

