«ОРАЛ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«ОРАЛ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Талғат Мұратұлы Искалиев Орал орталық мешітінің ұстазы қызметін сақтай отырып, «Орал» медресе-колледжіне директор болып тағайындалды.

Білім ордасының жаңа басшысы Талғат Мұратұлын ұстаздар мен шәкірттерге Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат Қанатқалиұлы таныстырып, білікті маманның қызметіне бақ-береке мен сәттілік тіледі.

Талғат Мұратұлы – Тасқала ауданының тумасы. «Орал» медресесі мен Алматыдағы «Нұр-Мүбарак» университетінің түлегі, сондай-ақ Мысыр Араб Республикасының Каир қаласындағы «Айн Шамс» университетін тәмамдаған. Бұған дейін Орал қаласындағы «Тәжиден Батырұлы» мешітінде наиб имам, орталық мешіттің ұстазы және «Орал» медересесінде ұстаз, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: