Тараз қаласы "Кеңесхан қажы" мешітінің ұстазы Зейнеп Үсенова бастаған ҚМДБ Әйел-қыздар секторы мешіт жанынан ашылған қыздар діни сауат ашу курсының шәкірттері тастанды, мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған көпбалалы ана Зульфия ханымның үйіне қонақ болып барды.
Қыз-келіншектер балаларға тәттілер, жеміс-жидектер, сусындар алып барып, көңілдерін аулап, хал-ахуалын білді. Зульфия ханымның әңгімесін тыңдап, көздеріне жас алды.
Өмірге деген құштарлығы зор жандардан ғибрат алып, Аллаға шүкір айтып, өнеге түйді.
Зейнеп ұстаз насихат айтып, осындай кең жүректі анаға алғыс білдірді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі


11 Март 2026
22 Рамадан 1447

