Аққа Алла жақ

Аққа Алла жақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам әскері бір жорыққа шыққан еді. Бір мезет күтпеген жерден жорыққа қатысқандар арасында кішігірім келіспеушілік туындайды. Оқиға былай болды. Әне-міне соғыс басталғалы тұрғанда мұнафықтардың бірі: «Пайғамбарымыздың (ﷺ) бұл жолғы қолданбақ тәсілі дұрыс емес, жеңіліп қара бет болғанша елге қайтқан дұрыс», – деп сарбаздарды жік-жікке бөліп алауыздық туындатады.

Зәйд ибн Әрқам (р.а.) бұл жағдайды Алла Елшісіне (ﷺ) ескерткенді жөн көреді. Алла Елшісі (ﷺ) сөз иесін тауып алып шақыртады да, Зәйдпен (р.а.) беттестіреді. Бірақ анау мойындамай қояды. Мұндай қиянатқа Зәйдтің (р.а.) шарасы таусылып, әбден ызаланады. Ақыр соңында Зәйд ибн Әрқамның (р.а.) ақ екендігі Алладан келген уахимен белгілі болды: «Мұнафықтар саған келіп: «Сенің Алла Елшісі екеніңе куәлік етеміз», – деді. Оның Елшісі екенін Алла, әрине, біледі. Бірақ Алла мұнафықтардың өтірікші екенін де біледі».

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: