Нәпсінің дерті: парыз құлшылықты орындауда жалқаулықты қалай жеңуге болады?

Нәпсінің дерті: парыз құлшылықты орындауда жалқаулықты қалай жеңуге болады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Нәпсінің дерті: парыз құлшылықты орындауда жалқаулықты қалай жеңуге болады?

Бұрыннан бері жасап келе жатқан құлшылықтарына бойкүйездік пен жалқаулық таныту – адам баласы рухының бір дерті. Ең басты мәселе -адам құлшылықтарына немқұрайлы қарайтындығына басты көңіл аудармайтыны болып табылады. Ал мұны тіпті де кемшілік деп санамауы барып тұрған дерттің дертіне айналады. Бұл дерттің қайнар көзі – адам баласы оның құлшылық пен жақсы амалдар жасауына күш-қуат пен ниет сыйлайтын Алла Тағаланың оған нәсіп еткен нығметтеріне разы бола алмауында жатыр. Разы болмаушылықтан, жақсылықты бағалай білмегендіктен адам баласы Алла Тағаланың көмегінен құр алақан қалып, рухани кедейленіп, күнәһар болады. Уақыт өте келе бұл адам өз кемшіліктерін мүлде елемейтін халге жетеді әрі өзінің жасап жүрген қылықтары өзіне бір керемет болып көрінетін болады. Бұл жөнінде Алла Тағала келесі аяттарда нақты айтқан: «Сондай жаман ісі өзіне әдемі көрсетіліп, оны жақсы көрген біреу (жақсымен тең бе?)» (35:8). «Олар дүниедегі еңбектері зая кеткендер. Өздері болса: “Рас жақсы іс істедік” деп ойлайды» (18:104). «...Осылайша әр топқа өз істерін әдемі көрсеттік...» (6:108). «Алайда олар өзара (дін) істерінде бөлшектеніп, әр топ өз алдарындағысына мәз болды» (23:53). «Сондай аяттарымызды жасынға айналдырғандарды олар, білмеген жақтан бірте-бірте жоямыз (7:182).
Бұл дерттің емі: Алла Тағаладан пана іздеу, үнемі Алланы еске алу, Оның Кітабын оқу, аяттардың мән-мағынасына терең ой жүгірту, өзге мұсылмандарға сыйластықпен қарау, тақуа адамдардың ол үшін Алладан дұға сұрауын өтіну. Егер ол мұның бәрін дұрыс жасаса, Алла Тағала оны бұрынғы қалпына әкеліп, шынайы құлшылық жасауы үшін күш-қуат беретіндігіне үміт артуына болады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: