ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП-2022: ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БАҒЫТЫНДА 6500-ДЕН АСТАМ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП-2022: ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БАҒЫТЫНДА 6500-ДЕН АСТАМ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғаммен байланысқа ұдайы көңіл бөліп келеді. Осы бағытта жыл басынан бері 6500-ден астам іс-шара атқарылды. Бұл туралы ҚМДБ Қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет хабарлады.

Биылғы жылы Діни басқарманың қоғаммен байланыс бағытын жаңа серпінмен дамыту мақсатында Қоғаммен байланыс бөлімі ашылды. ҚМДБ жанынан Ақсақалдар кеңесі мен Сарапшылар кеңесі құрылды. Аталған кеңестер қоғамдық мәселелерге дер кезінде үн қосып, халықты бірлік пен игілікке үндеді. Бұл бағыт бойынша 6500 іс-шара өткізілді.

Сонымен қатар, биылғы жылы Қазыналы қариялардың қатысуымен аймақтарда 5 Ақсақалдар форумы, Сарапшылар кеңесінің 3 отырысы өтті. Бұдан бөлек көпке танымал блогерлер және БАҚ өкілдерінің, елімізге танымал спортшылардың Бас мүфтимен бейресми кездесулері ұйымдастырылды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: