Жақсылыққа қайырымдылықпен жауап беру әр жанның болмысына біткен ізгі амал. Маңайыңдағы мұқтаждарға мейірімділік пен ізгілік, достыққа адалдық таныту – адамгершіліктің белгісі болса, адамзаттың барлығына «бауырым» деп қарау Абайдан қалған өсиет.
Аталған игі дәстүрмен "Төле би" мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Екі қой сойылып, еті 8 отбасыға үлестірілді. Көмекті мешіт азаншысы Ибрагим Жалалиев отбасыларға жеткізіп берді. Көмек алғандар аталған мешіттің имамы Талғат Кәрібайұлына алғыстарын жолдады.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі



13 Март 2026
24 Рамадан 1447

