Бүгін халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күні. Осыған орай ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев бастаған "Һибатулла Тарази" мешітінің имамдары балалар үйіне барып қайтты.
Балалардың асыраушы аналарымен тілдесіп, көмек ретінде мешіт атынан азық-түлік табыстады. Игілікке 70 мың теңге қаражат жұмсалды.
Имамдар балалардың денсаулығы үшін дұға жасап, мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған анадан бата алып қайтты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



08 Ноябрь 2025
17 Джумада-авваль 1447

