НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ «БЕКЕТ АТА» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ «БЕКЕТ АТА» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласы Алатау ауданында құрылысы қайта жүргізіліп, намаз залы кеңейтілген, толық күрделі жөндеуден өткен «Бекет ата» мешітінде жұма уағызын айтты.

Мұсылманның мұсылман алдындағы ақылары туралы насихат айтқан Бас мүфти: «Мұсылманның мұсылман алдындағы негізгі ақыларына мыналар жатады: сәлем берсе – жауап беру, ауырып қалса – көңілін сұрау, түшкіргеннен кейін Аллаға мадақ айтса, «йәрхамукаллаһу» (Алла сені рақымына бөлесін) деп айту, қайтыс болса – жаназасына қатысу, қиналса – көмектесу, оның айыбын жасыру, сыртынан сөз етпеу, яғни ғайбаттамау, өзіне тілегенді бауырына да тілеу, оның жақсылықтарын қызғанбау, шақырса – бару, ақыл-кеңес сұраса – қолдан келгенше ақыл-кеңесіңді айту т.б. Осы амалдарды ықыласпен орындаған адам айналасындағы мұсылмандар алдындағы міндетін орындаған болып есептеледі. Қазіргі таңда мұсылмандарға қажетті амалдар – бауырының айыбын жасыру, сауапты әрі игі істерде өзара жарысу, имандылыққа шақырып, игі істерде өзара жәрдемдесу, аманатқа қиянат жасамау, мұсылманның құқығын құрметтеу т.б. Алла Тағала баршамызды мұсылманның мұсылман алдындағы міндетін өтеген, хақысын берген, аманатына қиянат жасамаған құлдарынан еткей! Әмин!».

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: