Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешітінің ұйымдастыруымен көпбалалы отбаслырға арнап қайырымдылық жасалды. Азық-түлік ретінде үлестірілген көмекті 5 отбасына мешіт жамағаттары арнайы жеткізіп берді. Қайырымдылық қашанда ізгі амалдардан екені даусыз.
Көмек алған отбасылар жеткізіп берген мешіт жамағаттарына өз алғыстарын жаудырды. Сондықтан әрдайым қолымыздан келгенше қайырымды, ізгі амалдарды жасауды әдетке айналдырайық!
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі


03 Октябрь 2026
20 Раби-сани 1448

