Қордай ауданына ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы мен "Нұр-Мүбарак" жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры, PhD докторант Тимур Нүсіпханұлы мен ұстаздар іс-сапармен арнайы келді.
Мамандар Қордай Құран қарилар дайындау орталығының жай-күйімен танысып, ұстаздарымен кездесті.
Білім алушылардың оқу деңгейі, ғимараттың жағдайы, ұстаздардың жұмыс жүргізу жоспары таныстырылды. Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы ат артып келген қонақтарға барлық мағұлматтарды беріп, жетістіктерді тілге тиек етті.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі