Жамбыл ауданық жастар ресурстық орталығында Жамбыл облысы орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Төлегенұлының қатысуымен жастар арасында келелі кездесу өтті.
Аталмыш кездесуде «радикалды діни көзқарастың жеке тұлға мен қоғамға кері әсері» турасында тақырып көтеріліп, насихаттар айтылды. Кездесуге қатысқан жастар дін маманынан көкей кесті сұрақтарына жауап алды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі