«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – ЕЛ ТІРЕГІ» ЖАС ОТБАСЫЛАР СЕМИНАРЫ ӨТТІ

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – ЕЛ ТІРЕГІ» ЖАС ОТБАСЫЛАР СЕМИНАРЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алматы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы – ел тірегі» тақырыбында жас отбасыларға арналған семинар өтті.

Семинарда қоғам қайраткері, жазушы Смағұл Елубай мен ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы отбасы тақырыбында арнайы баяндама жасады. Отбасындағы татулық, сыйластықты сақтау жөнінде кеңестерін айтып, тұшымды ой-пікір бөлісті. Ал Нұр-Мүбарак университетінің білікті ұстазы Азамат Жамашев хадис ілімдерінен мысалдар келтіріп, семинар көркін ашты.

Сондай-ақ семинар барысында модератор Алматы Орталық мешітінің бас имамы Төлеби Оспан отбасы құндылықтары Исламның басты талаптарының бірі екенін жеткізді. Іс-шараға Алматы қаласының мешіттерінде некесін қиып, бүгінде жарасымды жұбайлар қатарында жүрген 50 жұп қатысты. 

Шара соңында жұбайларға арнайы сыйлықтар үлестіріліп, жұбайлар өміріне бақыт тілеп бата жасалды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: