Пайғамбарымыздың (ﷺ) қара нәсілді жеті сахабасы (жалғасы бар)

Пайғамбарымыздың (ﷺ) қара нәсілді жеті сахабасы (жалғасы бар)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

4. Жулейбиб (р.а.) есімді сахаба.

Ислам тарихындағы біршама мәтіндерде кездесетін Пайғамбарымыздың (ﷺ)  жақын көмекшілерінің бірі Жулейбиб есімімен танымал. Жулейбиб (р.а.) Исламды Мединеде қабылдағандықтан ансарлардың бірі болып табылады. Ал оның шығу тегі белгісіз болғандықтан, ол арабтардың арасында алыстатылған болып саналатын. Әл-Жаузидің «Тануир әл-Габаш» еңбегіне сәйкес ол көріксіз, қысқа бойлы әрі қап-қара болған екен. Мединеде Жулейбибтің не отбасы, не туыстары болмағандықтан, ол көп уақытын Пайғамбарымыздың (ﷺ) қасында өткізген. 

Белгілі болғандай, Мединенің көптеген адамдары оның көріксіз түріне әрі шыққан тегінің төмендігіне күліп, оны үнемі кемсітетін. Сенімді риуаяттарда келтірілгендей, Пайғамбарымыз (ﷺ) Жулейбибке жұбай тауып беру шешімін қабылдағаны туралы айтылады. Сол үшін ол ансарлардың біреуінің үйіне барып, үй иесіне неке туралы ұсыныспен келгендігін айтады. Қалыңдықтың әкесі лезде келісімін береді, өйткені ол оның қызы мен Пайғамбарымыздың (ﷺ) неке қиюы туралы сөз қозғалып отыр деп ойлап қалады. Алайда Пайғамбарымыз (ﷺ) жұбайды өзіне емес, Жулейбибке іздеп жүргендігін айтқанда, үй иесі абыржып, бұл жөнінде әйелімен сөйлесуі керектігін айтады. Оның әйелі Пайғамбарымыздың (ﷺ)  ұсынысын естігенде оның өзі үйленеді екен деп қуанып қалады. Бірақ әңгіме Жулейбиб сияқты төменгі тектің әрі көріксіз адам туралы екенін білгенде, оған қызын бергізбейтіндігін айтады.  Шуды естіген олардың қызы ата-анасына келіп, Пайғамбарымыздың (ﷺ) олардың үйіне не үшін келгендігін сұрайды. Ол сенің қолыңды Жулейбибке сұрап келіпті, бірақ біз сені оған бергіміз келмейді дейді анасы. Алайда қызы ата-анасына былай деп жауап береді: «Алла Елшісінің (ﷺ)  өзі келіп, жасап тұрған ұсынысынан біз қалай ғана бас тартамыз? Аллаға ант етемін, Алла Елшісі (ﷺ) маған зұлымдықты қаламас!»

Ибн Хаджар әл-Аскалянидің «Әл-Асабасында» бұл жағдай Құранда түсірілген мына жайтқа үйлестіре айтылған: «Алла Тағала және  Елшісі, қашан бір іске үкім берсе, мүмін ер және мүмін әйел үшін олардың істерінде ерікті болуларына болмайды. Сондай-ақ кім Аллаға, Елшісіне қарсы келсе, сонда рас ашық адасқан болады» (33:36).

Бұл жағдай бірнеше кітаптарда да аталып өтеді, мысалы үшін Ибн Әбу Шайбтың «Әл-Мусаннафтағы» неке үйлесімділігі бөлімінде. Онда былай айтылған, осы құдалықтан соң Пайғамбарымыз (ﷺ) Жулейбиб пен әлгі қызды некеге отырғызады. Үйленген соң бірнеше айдан кейін Жулейбиб соғысқа кетіп, шайқаста қайтыс болады. Оның өлгенін көрген Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан екен:  «Жулейбиб менен, мен оданмын» (бұл адамның жоғары дәрежесін көрсеткені).  Пайғамбарымыз (ﷺ) өзі Жулейбибтің қабірін қазып, оның денесін жумай көмеді, осылайша оның шейіт болғанын көрсетеді. 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: