Пайғамбарымыз (ﷺ) сараңдардың сараңы деп кімді айтқан?

Пайғамбарымыз (ﷺ) сараңдардың сараңы деп кімді айтқан?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Расында Алла, Пайғамбарға рахмет етеді. Және періштелер салауат айтады. Әй Мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер». (33:56)

Күндердің күнінде Пайғамбарымыз (ﷺ)  жиынға күлімсіреген түрмен келіп, былай айтады:

«Менен Жәбірейіл (ғ.с.):

– Уа, Мұхаммед! Сенің үмбетіңнен әрбірінің саған айтқан бір Салауаты он Салауат, ал саған келтірген бір Сәлемі, он Сәлем болады, сен осыған разымысың?» - деп сұрады (Насаи мен Ибн Хиббан).

Пайғамбарлардың Мөрі (ﷺ) былай айтқан:

«Кімде-кім мен үшін бір Салауат айтса, онда Періштелер ол үшін он рет кешірім сұрайтын болады. Мұны біле тұра, біреулер салауатты арттыруды қалайды, ал біреулер – азайтады». (Ибн Маджа  Амир бин Рабидан)

Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (ﷺ) былай деген:

«Маған Салауат айтқан әрбір жанға он сауап жазылып, он күнәсі кешіріледі».

Тағы да:

«Кімде-кім өз кітабының менің есімім аталған жеріне Салауат жазатын болса, сол жерден менің есімім өшпейінше, Періштелер ол үшін кешірім сұрайтын болады».

Жабир (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ)  былай айтқанын келтірген:

«Егер мұсылмандар жиылып, бірақ Пайғамбарымызға (ﷺ) Салауат айтпай тарқайтын болса, онда олардан өлекседен де жаман иіс шығатын болады» (Имам Суюти).

Әбу Мұсса Ат-Тирмизи (р.а.) кейбір ғалымдардың былай айтқандарын келтірген:

«Егер кімде-кім жиылыста біздің сүйікті Пайғамбарымызға (ﷺ) бір рет Салауат айтар болса, онда осы жиылыс үшін бұл жеткілікті болады».

Абдуррахман бин Ауф (р.а.) бірде Әлемнің Мақтанышының (ﷺ) өз бөлмесіне кіріп, жүзін Қыблаға қаратып, сәжде жасағанын айтқан. Ол ұзақ уақыт сәждеде жатып қалғандықтан, Абдуррахман: «Бәлкім, Алла оның жанын алған шығар», - деп ойлап қалады. Ол Пайғамбарымызға (ﷺ)  жақындап, қасына келіп отырғанда, Алла Елшісі (ﷺ) басын көтеріп:

– Сен кімсің? – деп сұрады.

– Абдуррахман.

Ол қайтадан:

– Не боп қолды? – деп сұрады.

Сонда Абдуррахман:

– Уа, Алла Елшісі! Сіз сәждеде ұзақ болғаныңыз сондай, сіздің жаныңызды Алла алып алды ма деп қорықтым, - деп жауап берген екен.

Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан:

– Маған Жәбірейіл (ғ.с.) келіп, оған Алла Тағала маған жеткіз деген мына бір қуанышты хабарды әкелді:

«Маған Салауат пен Сәлем жолдаған әрбір адам Менің мейіріміме бөленеді».

Сол үшін мен Аллаға разылығымды білдіріп, сәжде жасадым (Ахмад бин Ханбал, Муснад)

Абул Мауахиб (р.г.) былай айтқан:

«Бір күні түсімде Пайғамбарымызды (ﷺ) көрдім, ол маған:

– Сен жүз мың адамға шапағатшы боласың, - деді.

Мен таңғалып, былай сұрадым:

– Бұл құқыққа қалайша лайық болдым, уа, Алла Елшісі?

Сонда ол (ﷺ) былай деп жауап берді:

– Маған айтылған Салауаттардың сауабын маған жеткізгенің үшін».

Әли бин Әбу Тәліп (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген:

«Егер бір адамның қасында менің есімім аталып, бірақ ол маған Салауат айтпаса, онда ол сараңдардың ең сараңы».

Әбу Хурайра (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген:

«Менің есімім аталғанда маған Салауат айтпайтын адам мұрнымен жер сүзсін. Рамазан айы бойы кешірім сұрамай әрі Рамазан айы бітіп кетсе, сол адам мұрнымен жер сүзсін. Сол адамның қасында жүріп ата-анасы қартайса, ал оны ата-анасының арқасында Жұмаққа кіргізбесе, онда ол мұрнымен жер сүзсін» (Тирмизи).

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: