Пайғамбарымыздың (ﷺ) қара нәсілді жеті сахабасы (жалғасы бар)

Пайғамбарымыздың (ﷺ) қара нәсілді жеті сахабасы (жалғасы бар)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұсылмандардың бәрі Исламның бірінші азаншысы қара нәсілді сахаба Біләлді (р.а.) жақсы біледі. Алайда сахабалардың арасында одан да өзге қара нәсілді адамдардың болғанын біз біле бермейміз. Төменде қара нәсілді сахбалар ғұмырнамаларынан қысқаша келтіріп өтеміз. 

«Қара нәсілді» түсінігінің астарында тек нубиялықтар мен эфиоптар (таза африкалықтар) ғана емес, сондай-ақ, түрі сондай қара арабтар да болған, оларды бүгінде «қара» деп қабылдайды, мысалы үшін, арабтар мен африкалықтардың араласқан нәсілін құрайтын Судан тұрғындарын.

1.    Үммү Айман (р.а.): Пайғамбарымыздың (ﷺ) асыраушысы, оның туған анасынан кейінгі екінші анасы

Бұл тізімдегі бірінші адам Анха Барака есімді әйел, ол көбіне Үммү Айман есімімен танымал. Үммү Айманның  шығу тегі Эфиопия, ол Пайғамбарымыздың (ﷺ) әкесі Абдулла ибн Абдул Мүттәлібтің үй қызметіндегі әйел болатын. Алла Елшісінің (ﷺ) анасы Әмина қайтыс болған соң, Үммү Айман кішкентай Мұхаммедті (ﷺ)  өз қамқорына алады. Пайғамбарымыз (ﷺ) бен Хадиша анамыздың  (р.а.) неке қиюы кезінде, Үммү Айман  азаттық алады. Барака Үммү Айман  Мекке қаласында Исламды бірінші болып қабылдағандардан болатын, сондықтан да пұтқа табынушы-құрайыштардың қуғынын көп көрген жандардың бірі. Ол, сондай-ақ, Мединеге хижра жасағандардың ішінде де болған. 

Үммү Айманның бірінші күйеуі Убайд ибн Зайд (р.а.), ол Хиджазадағы көрнекті тайпа бан Хазраждан  болған. Ибн Касирдің келтіргеніне сәйкес, Убайд та қара нәсілді болған, дегенмен оның шыққан тегі араб тайпасы болатын. Бұл некеден оларда Айман есімді ұл туады, оның да түрі қара болады; ол Хунайнда болған ұрыста шейіт болды. Үммү Айманның өзі Ұхуд пен Хайбар  ұрыстарында шайқасқан жауынгерлерге су тасып, жаралыларға қарасуға көмектескен.

Үммү Айманның  күйеуі қайтыс болған соң, Пайғамбарымыз (ﷺ) сахабаларына: «Кімде-кім Жұмақ тұрғындарынан болатын  әйелге үйленгісі келсе, онда Үммү Айманға үйленсін», - деп айтады. Сол кезде Зайд ибн Харис (р.а.) Үммү Айманға үйленеді, Зайдты Пайғамбарымыз (ﷺ) азат етіп, өз ұлындай тәрбиелеген еді. Зайд араб болса да, оның түрін сипаттауда бірнеше қайшылықтар бар. Ибн әл-Жаузидің «Тануир әл-Габаш мин фадл ас-Судан уа әл-Хабаш» атты еңбегінде былай айтылғандығы келтірілген: «Зайд қысқа бойлы, шолақ та жалпақ танаулы әрі қара нәсілді болған».

Үммү Айман Пайғамбарымыздың (ﷺ) отбасына етене жақын болған адам. Ол көптеген отбасылық оқиғалардың куәгері болған, мысалы, Фатима мен Әлидің (р.а.) неке қию рәсіміне қатысқан. Пайғамбарымыздың (ﷺ) жан тәсілім ету кезінде оның отбасымен бірге болып, олармен бірге қабырғасы қайыса қайғырған.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: