БАС МЕШІТТЕ ШӘКІРТТЕРГЕ МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ (ФОТО)

БАС МЕШІТТЕ ШӘКІРТТЕРГЕ МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітте осы мешіттің нәзік жанды шәкірттеріне арналған «Мейірім шыңы – әз Пайғамбар (ﷺ)» атты мәуліт кеші өтті.

Рухани кешке Бас мешіттің ақ кимешекті аналарымыз бен апа-қарындастарымыздан құралған 160 шәкірті қатысты.

Кеш Құран оқумен басталды. Бұдан кейін Серік, Мұртаза қарилардың Мәуліт айтып, Бас мешіт имамы Қанат Қоянбекұлының Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) асыл сипаттары жайлы насихатына ұласты.

Сондай-ақ шәкірттер хорының «Сардар болған Мұхаммед (ﷺ)» салауаты, қазақ, орыс тілдерінде монологтар оқылып, ардақты Пайғамбарымыз туралы бейнеролик көрсетілді, көрермендер арасында сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, сый-сияпаттар берілді.

Кеш соңында бұған дейін 115 шәкірт қатысқан «Пайғамбарымызға (ﷺ) салауат» марафонының, «Пайғамбарға (ﷺ) сағыныш хат» атты шығарма жазу сайысының қорытындысы шығарылып, үздік атанған шәкірттерге дипломдар мен сыйлықтар үлестірілді.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: