Жамбыл облысында ЖК «Шамахсутов Ш», ЖК «Тахир», ЖК «Сапаева Ш», ЖШС «Шейх Трейд» шұжық өнімдері тексерілді. Кезекті аудит жұмысын «Халал Дамудың» Жамбыл облысы бойынша жауапты технолог маманы Абылайхан Ғабитұлы орындады.
Қазіргі таңда Жамбыл облысындағы барлық шұжық цехтарында апта сайын тұрақты тексеріс жүргізілуде. Себебі, «Халал Дамудың» негізгі мақсаттарының бірі — сертификаттап қана қоймай, өнімнің адалдығына, тазалығына және тұрақты тексерістің жүргізілуіне мән беру. Тексеріс барысына өнімнің өндірілуі, дұрыс тасымалдануы, қызметкерлердің халал талаптарын сақтауы секілді негізгі мәселелер назарға алынды. Бүгінгі тексеріс барысында жоғарыда аталған шұжық цехтарында бекітілген халал стандарт талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді.