#Т.Рысқұлов: Қош келдің, Мәуліт!

#Т.Рысқұлов: Қош келдің, Мәуліт!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің әйелдер жамағаты қасиетті Мәуліт айын мерекелік іс-шарамен күтіп алды. Бұл іс-шараны ұстаз бен шәкірттер адамзаттың абзалы Пайғамбарымыз Мухаммадқа (с.а.с) салауаттар айтумен бастады.

Кейін түрлі ойындар, сұрақ-жауаптар арқылы Пайғамбардың өмірбаянынан өнегелер алды. Үлгі боларлық іс-шараның соңында «Әл-Хақ» мешітінің қызметкері Айгерім ұстаз Пайғамбарымыздың (с.а.с.) таңдамалы хадистерінен тілге тиек етіп, ғибратты уағыз айтты. Шәкірттер мен әйелдер жамағаты мәуліт кешінен керемет әсер алғандарын жасыра алмады.

 Қуаныш Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: