МҮФТИЯТ АУЛАСЫНА 440 АРША АҒАШЫ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ (ФОТО)

МҮФТИЯТ АУЛАСЫНА 440 АРША АҒАШЫ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен мүфтият ғимаратының ауласына 440 арша ағашы отырғызылды.

Игі іс-шараға Бас мүфти бастаған Діни басқарманың барша қызметкері атсалысты.

«Біз, дін қызметкерлері жамағатқа тазалық, тәртіп, мәдениет жайлы уағыз айтып қана қоймай, өзіміз де соны ұстануға тиіспіз. Бабаларымыз «Бір тал кессең, он тал ек», «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деп текке айтпаған. Жақсылап баптасаң, жүз жылдап, бірнеше ғасырға дейін жайқалып тұра беретін алып ағаштың пайдасы ұшан-теңіз.

Біз де шамамыз келгенше қаламыздың көркіне көрік қоссын әрі табиғатымызға пайдалы болсын деп 440 арша көшетін жұмыс орнымыздың ауласына отырғыздық. Алла Тағала Діни басқарманың әр қызметкері өз қолымен отырғызған осы көшеттердің алып ағашқа, жайқалған бауға айналуын нәсіп еткей» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Еске сала кетейік, Діни басқарма әрдайым қоғамды тазалыққа, айналамызды таза ұстауға, табиғатты қорғауға, көптеп көшет отырғызуға үндеп келеді.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: