"Қайырымдылық - адамгершіліктің белгісі" - дейді халық. Ал мұндай игі іс Шу ауданы "Бірлікүстем" мешітінде жиі жасалатынын өзіңіз де сайтымыздан оқып жүрсіз. Аталған мешіт бұл жолы да игі ісін іске асырды.
Жомарт жандардың демеушілігімен мешітте кезекті қайырымдылық шарасы өтті. Бір қой еті және азық-түлік түрінде 7 отбасыға көмек жеткізілді. Игі іске ұйытқы болып жүрген мешіт имамы Жетпіспай Әлімбековке тұрығындар алғысын айтты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі