Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Грозныйдың Баспа үйіне бекінген жеті лаңкестің көзі жойылғандығын хабарлады.

Бейсенбіге қараған түні Шешенстан астанасының орталығында қаруланған топтың жол полиция жасағына шабуыл жасап, үш сақшыны өлтірген болатын.
Артынша олар Баспа үйіне бекініп, бірнеше сағат бойы арнайы жасақпен атысты.
Антитеррорлық операцияны Рамзан Қадыровтың өзі басқарған.
baq.kz


04 Апрель 2026
16 Шавваль 1447

