РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАС МЕШІТКЕ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАС МЕШІТКЕ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы  Республикалық Бас мешітке имам тағайындалды.

Бүгін Бас мүфти Бас мешіт жамағатына имамды таныстырып, бұйрығын оқып берді. «ҚМДБ жанындағы Республикалық Бас мешітке Қыдырмин Қанат Қоянбекұлы имам болып тағайындалсын» делінген ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығында.

Бас мүфти Қанат Қыдырминнің діни саладағы білімі мен тәжірибесін айрықша атап, жаңа жұмысына сәттілік тілеп, игі істеріне дұға жасады.

Айта кетсек, Қанат Қоянбекұлы осыған дейін Ақмола облысының бас имамы, «Әзірет Сұлтан» мешітінде наиб имам, ұстаз болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры қызметін атқарды.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: