СҚО: «Асар жолы» – Қызылжар өңірінде

СҚО: «Асар жолы» – Қызылжар өңірінде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Асар жолы» қайырымдылық акциясы Солтүстік Қазақстан облысына табан тіреді.

Шаһар жұрты «Asar Ume» қайырымдылық қорының өкілдерін құшақ жая қарсы алса, алдағы күндері өңірде айтулы бастаманың іс-шаралары өтпек.

Жоба аясында мұқтаж жандарға қолдау көрсетумен қатар жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулу жоспарланған. Осы орайда ұйымдастырушылар қаланың кіреберісінде ақ шаңқан киіз үй тігіп, келген қонақтарға ақ дастарқан жайды. Іс-шараға облыстың және «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы қатысып, аталмыш қайырымдылық шарасына қолдау білдіре келе, жиналғандарға бата берді.

Еске сала кетейік, елордада басталған «Асар жолы» акциясы 2,5 айдың ішінде қайырымды жандар 20 өңірдегі тұрғындарға қолдау көрсетуді жоспарлап отыр. Соңғы 3 жылда қор 440 отбасыға баспана сыйлаған.

 
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: